Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін28   Кеше171   Бір аптаның ішінде727   Айында5353   Барлығы295476  
Жаңалықтар
2013 жылы 13 желтоқсанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорына сот жасауылы киіктің 34 дана мүйізін тапсырды. Арқалық қалалық сотының шешімімен олар ҚР ҚК 290 бап бойынша сотталушыдан тәркіленген. Мүйіздер Қостанай облысының қазіргі уақытта қорғауға алынған сирек кездесетін жануарларының зоологиялық жиынтығын…
1 желтоқсан халқымыз Тұңғыш Президент күнін атап өтеді, осы мерекеге орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері іс-шаралар топтамасын өткізуде. 29 қарашада 2013 жылы мұражайда «Нұрсұлтан Назарбаев: саясаткер және тұлға» атты портрет-кеш өтті.
В своей статье «Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего труда» Президент РК Н.А. Назарбаев подчеркнул: «Все ценности мировой цивилизации, все экономические и культурные богатства создаются человеческим трудом. Поэтому именно реальный производительный труд мы и должны поставить в основу…
2013 жылы 21 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Әулиекөл ауданындағы Новонежин орта мектебіне жылжымалы көрмемен барды.
15 ноября 2013 года сотрудники Костанайского областного историко-краеведческого музея провели к Дню национальной валюты мероприятие «История тенге: прошлое и настоящее». Участниками были старшеклассники СШ № 18.
2013 жылы 30 қазанда Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайлар бірлестігінің қорынан алынған «Петропавлды құрметпен таныстырамын» атты айырбас көрменің тұсаукесері ашылды. Көрме екі бөлімнен: Петропавл қаласының тарихы; Солтүстік Қазақстан облысының суретшілері мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылық туындыларынан тұрады.
24 октября 2013 года в зрительном зале ГККП «Областной Дом Дружбы» прошел конкурс профессионального мастерства экскурсоводов музеев Костанайской области.
2013 жылдың 23 қыркүйекгінде мұражайда «Теміржол бекеті» (Челябі-Троицк-Қостанай желісі пойыздары қозғалысының ашылғанына 100 жыл толуына орай) көрмесі ашылды.
2013 жылы 20 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Социалистік Еңбек Ері, комбайншы Жансұлтан Демеевтің 85 жылдығына орай «Диқан болу бақыты» атты сазды-көркем кеш өтті.
19-қыркүйек 2013 жылы Қостанай облыстық тарихи өлкетану мұражайында Қазақстанның Халық ақыны Ғафу Қайырбековтың 85 жылдығына орай «Қазақ поэзиясының жұлдызы атты» атты сазды поэзиялық кеш өтті.
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі