Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Шексіз алғыс» Алғыс айту күніне арналған ақпараттық-тақырыптық кеш

02.03.2020
«Шексіз алғыс» Алғыс айту күніне арналған  ақпараттық-тақырыптық кеш

Бұл мереке ҚР Тұңғыш президенті – Елбасының бастамасымен 2016 жылы ұсынылды. 1 наурыз - барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігі, қайырымдылық пен достығының жарқын мерекесі. Биыл ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен тұспа-тұс келді.

2 наурыз күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Алғыс айту күніне арналған «Шексіз алғыс» атты ақпараттық-тақырыптық кеш өтті, оған Қостанай автокөлік колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шара барысында мереке тарихы, елдегі бейбіт өмір үшін қажетті толеранттық дүниетаным мен келісім туралы айтылды. Студенттер Қазақстанда бесінші рет аталып өтілген Алғыс күні мерекесінің шығу тарихы туралы толық мағлұматтар алды.