Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі Валерий Захарьевпен кездесу.

28.02.2020
Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі Валерий Захарьевпен кездесу.

2020 жылы 26 ақпанда картина галереясында шығармашыл зиялы қауымның Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі, кинорежиссер Валерий Захарьевпен кездесуі өтті. Бұл автордың көрермендермен «Көре білу де өнер» тақырыбындағы үшінші кездесуі.

 Кездесуде орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің жырлары оқылды. «Орыс поэзиясының кемеңгерінің» туғанына 2019 жылы 6 маусымда 220 жыл толды. Александр Сергеевич 1837 жылы 10 ақпанда Дантеспен болған жекпе-жектегі ауыр жарақаттан қайтыс болды. Ақпан күнінде В.Захарьев ақынды еске алып, оның өлеңдерін оқыды және ақынды Жаңғыру дәуіріндегі суретші Рафаэльмен салыстырып оның өмірбаянын зерттеген кездегі ойларымен бөлісті. Пушкин мен Рафаэльді «өнер пірі» деп атайды. Көрермендер теледидар экранынан кездесу авторы еске алған ұлы шебердің туындыларын тамашалады. Галерея залында сырлы тыныштық пен үйлесім орын алды.