Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша облыстық семинар

24.02.2020
Тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша облыстық семинар

2020 жылдың 24 ақпанында «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ алқа мәжілісі аясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын есепке алу, сақтау және қолданудағы көкейтесті мәселелер» тақырыбында семинар – практикум өтті. Іс-шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен мамандары, Қостанай облысының мемлекеттік музейлерінің басшылары қатысты.

Семинар барысында  «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» арнайы жобасының өңірде жүзеге асырылуының негізгі кезеңдері, жаңа киелі орындарды анықтау мәселелері, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша заңнамалық актілеріне бірінші кезектегі өзгерістер мен толықтырулар туралы, тарих және мәдениет ескерткіштері мен нысандардың жай-күйін анықтау, есепке алу, мониторинг жүргізудің негізгі аспектілері қаралды.

Семинарға қатысушыларға заңнаманы мүлтіксіз сақтау, өңірдің тарихи-мәдени мұра объектілерін зерделеу, сақтау және танымал ету бойынша жұмыстарды жалғастыру жөнінде ұсыныстар берілді.