Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты>

1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: мәдениет саласында.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты жасаушының атауы: Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қолдану және орындау.

3.1. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің(одан әрі - Мекеме)сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартыҚазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес дайындалды және мекеме қызметіндегі ұсыныстар жүйесін білдіреді.

3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

- Мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты және жауапкершілікті қалыптастыру;

- жемқорлық көрінісін уақытында анықтау және оның жағымсыз зардабын болдырмау;

- жемқорлық көрінісіне құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділік.

3.3. Жемқорлыққа қарсы стандартты Мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті.

4. Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіқызметкерлерінің мінез-құлық ережесі (әрекеті)

4.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт көтерілген саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда Мекеме қызметкерлері міндетті:

1) заңдылық қағидаттарын, Конституция талаптарын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға;

2) мүдделер қайшылығының кез келген пайда болу мүмкіндігіне жол бермеу шараларын қолдануға;

3) жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда қиындық тудыратын әрекетке (әрекетсіздікке) жол бермеуге;

4) өзінің лауазымдық өкілеттілігін және сонымен байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда алу үшін қолданбауға;

5) жоғары кәсіби жұмыс үшін бар күшіңді жұмылдыруға, алдыға қойылған міндеттерді шешуде оңтайлы, үнемді және басқа да құзырлы шешімдерді қабылдауға;

6) қызметтік міндеттерді тиімді орындау үшін өз кәсіби деңгейі мен біліктілігін тұрақты көтеруге;

7) қызметтік жағдайды теріс пайдалануға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде негізсіз салғырттық пен сөзбұйдаға салу көріністеріне, сондай-ақдөрекілік пен теріс түсіністік көріністеріне жол бермеуге;

8) жеке және заңды тұлғалардыңқұқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге;

9) әріптестерден жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қолдауды және сақтауды талап етуге;

10) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, берілген өкілдікті тиімді жүргізуге;

11) қызметтік міндеттерді адал, әділ және сапалы орындауға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;

12) лауазымдық міндеттерді орындау кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық бермеуге, олардың ықпалына тәуелді болмауға;

13) әріптестерге және азаматтарға қатысты орынсыз айыптауларға, дөрекілік, адамның адамгершілігін төмендетуфактілеріне, жөнсіздікке, әдепсіз қылыққа жол бермеуге;

14) міндеттерді орындау барысында объективті және шынайы мәліметтерді басшылыққа алуға;

15) Мекеме қызметкерлерінің жеке деректер туралы мәліметтерді үшінші тұлғаға негізсіз беруіне жол бермеуге;

16) мемлекет мүлкін сақтауды қамтамасыз етуге;

17) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға;

18) тексеру іс-шараларында мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы жалпы ережелерді сақтауға;

19) оларға белгілі болған жемқорлық құқық бұзушылық оқиғалары туралы ұйым басшысына, мәдениет басқармасының басшысына, немесе жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға тез хабарлауға;

20) тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алумен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғанда ұсынылады: мемлекеттік сатып алуларға пайдаланылатын ақшалай қаражатты ұтымды және тиімді жұмсауға; әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысуға тең мүмкіндік беруге; мемлекеттік сатып алу барысының ашықтығын және шынайылығын қамтамасыз етуге міндетті.

4.2. Мекеме басшысы:

1) мінез-құлығымен әділдік, адалдық, риясыздық, жеке тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға үлгі болады;

2) қарамағындағылардан олардың лауазымдық өкілеттік шеңберінен шығатын тапсырмаларды орындауды, сондай-ақ заңға қайшы келетін тапсырмаларды орындауды талап етпейді;

3) лауазымдық өкілеттікті орындауға қатысты емес және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқауларды шығаруға жол бермейді;

4) жемқорлықтың алдын алатын және жемқорлық құқық бұзуды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды түбегейлі жоятын шараларды қабылдайды;

5) еңбек жүктемесінің қарамағындағы лауазымды тұлғалардың арасында әркелкі бөлінуіне жол бермейді;

6) олардың қызметінің нәтижесін бағалауда, сондай-ақ ынталандыру және тәртіптік жаза шараларын қолдануда әділ және шынайы болады;

5. Өзге де шектеулер мен тыйымдар.

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тыйым салынады:

1) қызметтік әрекеттің материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсатта қолдануға;

2) өз тарапынан заң талаптарын бұзуға жол беруге, қоғамдық адамгершілік, тәртіп және қауіпсіздікке қол сұғуды ұштастыруға және басқа азаматтарды құқыққа қайшы, қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тартуға;

3) қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, өзге де коммерциялық емес ұйымдардың мүддесі үшін қолдануға;

4) қызметкерге заңды тұлғалардан да, жеке тұлғалардан да оның еңбек қызметіне байланысты сыйақы ретінде беретін сыйлықтар, ақшалай сыйақы, қызметтер, демалыс, ойын-сауық шығындарына төлем, көлік шығындары төлемін, ұялы байланыс төлемдерін және басқа да сыйақыларды алуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі