Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қасиетті Қазақстан. 3 том» энциклопедиясы тұсаукесері

21.02.2020
«Қасиетті Қазақстан. 3 том»  энциклопедиясы тұсаукесері

 «Қазақстанның киелі географиясы» жобасы аясында жоспарланған бес томдық энциклопедияның кезекті 3 томы жарыққа шықты. Бүгін 21 ақпанда музейде энциклопедияның тұсаукесері өтті. Туған өлкеміздің тарихы мен мәдени мұрасына арналған кітапты «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жұмабаев Батырхан Елікұлы таныстырды.

Бұл құнды еңбекке Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарының киелі жерлері, тарихи оқиғалар өткен қасиетті орындары, табиғи ландшафттың ерекше ескерткіштері және ұлттық кұнды мәдени мұралары енгізілді. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған кітап туған өлкеміздің тарихи және мәдени мұрасын көпшілік қауымға таныстыруға арналған.

Іс-шараға қостанайлық өлкетанушылар, тарихшы-ғалымдар, мәдениет қызметкерлері, өңірлік «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесінің өкілдері қатысты.