Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанайлық белгілі суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Антропоморфты геометрия» жеке көрмесінің авторы Георгий Соковпен шығармашылық кездесу

19.02.2020
Қостанайлық белгілі суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Антропоморфты геометрия» жеке көрмесінің авторы Георгий Соковпен шығармашылық кездесу

2020 жылдың 19 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде Қостанайлық белгілі суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковпен шығармашылық кездесу өтті. Кездесу Г.Соковтың 2020 жылдың 7 ақпанында ашылған «Антропоморфты геометрия» атты экспозициялық көрме аясында өтті.

Георгий Соковтың шығармашылығы Қостанай облысының өнер саласында айрықша орын алады. Оның кескіндемесі көркем, философиялық бейнелерге толы және қоршаған ортаның әсемдігімен тамсандырады. Суретшінің жеке тұлғасы – жарқын, дарынды, ізденімпаз, жаны құштар.

Кездесу барысында бейнелеу өнерінің танымал шебері өз шығармашылығының құпиясымен бөлісті, жаңа жобалар туралы айтып, кездесуге қатысушылардың, олардың арасында А. И. Никифоров атындағы оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуге суретшінің әріптестері, достары мен таныстары шақырылды. Суретшімен әңгімелесу жылы және достық атмосферада өтті.