Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Тарих радиотолқынында» С. П. Яковецтің жеке коллекциясынан теле-радиотехника көрмесінің ашылуы

19.02.2020
«Тарих радиотолқынында» С. П. Яковецтің жеке коллекциясынан  теле-радиотехника көрмесінің ашылуы

2020 жылдың 19 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Федоров ауылының тұрғыны С.П. Яковецтің жеке коллекциясынан «Тарих радиотолқынында» атты көрме ашылды.

Келушілердің назарына 1950-ші жылдан 2000-шы жылға дейінгі тұрмыстық теле-радиотехниканың ретроспективасы - радиоқабылдағыштар, далалық рациялар, радиолалар, ақ-қара және түрлі-түсті теледидарлар, шарғылы және үнтаспалы үнжазбалар, бейнекамералар және т. б. ұсынылған. Коллекционер құралдардың көпшілігін осы күнге дейін қалпында сақтаған.

Ерекше көрменің ашылу барысында 1969 жылғы «Дніпро 14А» үнтаспалы үнжазбаның магниттік таспасынан әуендер, 1957 жылғы «Фестиваль» жоғары сыныпты қабылдағышынан радиохабарлар шырқалды, 1977 жылғы кинопроектор арқылы 8 миллиметрлік таспада мультфильм көрсетілді.

Сергей Петрович Яковец көрме бойынша қызықты экскурсия өткізіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің №2039, 2039а, 2031 әскери бөлімдерінің қызметкерлерінің және А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ заң факультеті студенттерінің көптеген сұрақтарына жауап берді.