Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде өлкеміздің қасиетті орындарының макеті қойылған «Рухани жаңғыру» экспозициялық залы бойынша мобильді аудиогид дайындалды. Бұл жоба музейге келушілерге әр ескерткіш орындары туралы қосымша ақпаратты экскурсия жетекшісінсіз қажетті тілде алуына мүмкіндік береді. Ол үшін мобильді құрылғы көмегімен QR-кодты ашып, Қостанай облысының қасиетті орындарының фотосуреттері мен олардың толық сипаттамасы, аудиожазбалар көрсетілген сайтқа сілтеме арқылы кіріп оқи аласыз.