Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Суретшіні еске алуға арналған көрмесінің ашылуы.

14.02.2020
Суретшіні еске алуға арналған көрмесінің ашылуы.

2020 жылдың 14 ақпанында тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнер бөлімінде суретші Руслан Цечоевты еске алуға арналған көрменің ашылуы өтті.

2020 жылдың 11 ақпанында танымал қостанайлық суретші Руслан Цечоев 60 жасқа толар еді. Қостанай суретшілері, оның шығармашылығын жақсы көретіндер мен білетіндер бейнелеу өнерінде өзінің бірегей шығармашылық стилі бар Руслан Цечоевты еске алды.

Көрме экспозициясында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан және оның достарының коллекциясынан алынған 25-тен астам жұмыс ұсынылған.

Руслан Цечоев Қостанай қаласында дүниеге келген. Ол 1987 жылы сырттай Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы халық өнер университетінің станокты кескіндеме және графика бөлімін бітірген. Оның көрмелері туған жерінде, Алматыда, Мәскеуде және еуропаның Германия, Голландия, Бельгия елдерінде өтті.

Талантты суретші Руслан Цечоев 2018 жылы 28 тамызда қайтыс болды. Суретшіні еске алуға арналған көрме оның шығармашылық бойынша әріптестері, достары мен таныстарының бастамасымен ұйымдастырылды.

Суретші Руслан Цечоевтің жұмыстары Қазақстан, Ресей, Голландия, Бельгия, Германия, АҚШ-тағы мемлекеттік музейлерде және жеке коллекцияларда сақталған.