14 ақпандаА.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінде Қазақ КСР-нің халық суретшісі Е.М. Сидоркиннің 90-жасқа толуына орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Евгений Сидоркиннің ертегі әлемі» атты графикалық туындылар көрмесі ашылды.
Көрмеде литография, автолитография және линогравюра техникасында орындалған 25 графикалық туындылар қойылды. Облыстық музейдің қызметкерлері А.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушыларына халық суретшісі Евгений Матвеевич Сидоркиннің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпараттар беріп, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы суретші шығармашылығының барлық кезеңін қамтитын құнды жиынтықпен таныстырды. Жиынтықта Е.Сидоркиннің негізгі графикалық туындылары, қырғыз, қазақ халық ертегілеріне және Салтыков-Щедриннің шығармаларына салған суреттері сақталған.