Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін48   Кеше65   Бір аптаның ішінде48   Айында2497   Барлығы235231  
Жаңалықтар
2019 жылдың 23 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Қыздың көркі бұрымында» этнографиялық интерактивті жобасы өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары мен қатысушылары - танымал ақын, журналистика саласының ардагері Ғайнижамал Сайманқызы Бердалинова және І.Омаров атындағы Қостанай облыстық…
Қостанайлық суретшісі Александр Воткал көрмені өзінің 65 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырып отыр. «Әсерлі сәттер мен жылдар» атты дербес көрмеге автордың қолынан шыққан мүсіндер, жұмыстардың фотосуреттері, нобайлар қойылған. Александр Воткал Қостанай облысының Аманқарағай кентінде дүниеге келді. 1961 жылдан 1971 жылға…
1983 жылы ЮНЕСКО жанында құрылған ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау мәселелері бойынша Халықаралық кеңестің Ассамблеясымен 18 сәуір күні Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні деп бекітілді. Осы күнге орай 2019 жылдың 17-18 сәуірде Қостанай облыстық тарих-өлкетану музейінде Қостанай облысының…
Қала көшелері – өткеннен сыр шертетін, бүгінгі күнде болашаққа жол сілтейтін мәдениетіміз. Әрбір адам өз туған даласын, қаласын ерекше жақсы көреді. Ал қаламыздың әрбір көшесінің атауын білу – ұлтжанды әрбір азаматтың міндеті. Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне орай…
16 сәуірде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде балаларға арналған «Тірі планета» экологиялық-танымдық интерактивті іс-шаралар топтамасы басталды. Музейдің ғылыми қызметкері Қостанай қаласындағы №18 мектеп-гимназияның 4 сынып оқушыларының қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, үй жануарларын күтіп ұстау және күту туралы көптеген кеңестер берді. Балаларға…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері дайындаған көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, көркемсөз шебері Б.Майлиннің 125 жылдығына арналған «Бейімбет Майлин - туған өлке жыршысы» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрмесі сәуірдің 8-нен 12-не дейін Қостанай қаласындағы №7 орта мектеп оқушыларына ұйымдастырылды. Көрме…
Жыл сайын 1 сәуірде бүкіл ғаламшар Халықаралық құстар күнін атап өтеді. Бұл күн 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері мәдени-ағарту бағдарламасы шеңберінде Қостанай қаласының №1 орта мектеп оқушыларына «Құстардың көктемгі…
Дүниежүзілік денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бері дәстүрге айналды. Іс-шара адам өмірінде денсаулықтың қаншалықты қымбат екенін түсіну үшін өткізіледі. Денсаулықты күшейту және сақтау сұрағына жас ұрпақтың назарын аудару мақсатында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қостанай облыстық салауатты өмір салтын…
Ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатовтың 70 жасқа толу мерейтойына орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Өлеңі - өмір айнасы» атты портрет-кеш өткізді. Кешке мерейтой иесі Н.О.Мұқатов және қостанайлық ақын-жазушылар, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ…
Қосымша білім бүгінгі күні – жеке тұлғаны дамытуға бағытталған әдіске негізделген оқытудың креативті түрі. 19 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ашылған «Ата салтым - асыл мұрам» атты көркемөнер көрмесі Жастар жылына және Әз Наурыз…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі