2022 жылы 23 желтоқсан күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Туған жер - көрікті мекенім-2» көрмесі ашылды. Бұл Қостанай суретшілерінің 2022 жылғы қорытынды көрмесі.
Оған қостанайлық авторлардың, әр ұрпақ өкілдерінің 60-тан астам графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер және мүсін туындылары қойылған.
Шығармашылық тәжірибесі мол Николай Торшин, Георгий Соков, Сергей Луговой, Светлана Шалунова, Александр Захарченков, Вадим Быков және басқа да суретшілер көрмеге өз туындыларын ұсынды, олардың жұмыстарынан бейнелеу өнерінің реалистік бағыттағы дәстүріне адалдығы аңғарылады. Олардың композициялары отансүйгіштік пен туған өлке табиғатына ынтазарлыққа толы. Олар: Н.Торшиннің «Қазақстан күні», «Мамыр қайыңдары», В.Быковтың «Қостанай саябағы», «А.И.Никифоров атындағы мектеп», Александр Захарченковтың этюдтары және өзге де туындылар.
Осындай қылқалам шеберлерімен қатар бейнелеу өнерінің түрлі жанрындағы жас суретшілер Арлан Анқауов, Әсел Нұркенова, Мейрамгүл Ордашева, Екатерина Артемьева, Александр Рерих, Надежда Яковлева және т.б. жұмыстары қойылған. Валентина Алмакаева және Надежда Гуктың туындылары көрмеге алғаш ұсынылып отыр.
Қоршаған өмірдің сан алуандығы мен күрделілігі үнемі ізденісте жүретін кез келген суретшіні толғандырады. Шығармашылық қызметтің кез келген түріне қарамастан, көрме барлық авторларды өзіне сенімділік, терең ойға құрылуымен біріктіреді.