2022 жылдың 15 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Тобыл қаласындағы балалар музыка мектебінің оқушылары үшін «Ұлттық валюта - теңге тарихы» атты Ұлттық валюта күніне арналған танымдық сағат өткізді. Шараға қатысушылар ұлттық валютаның қалыптасу тарихымен танысып, Тәуелсіз Қазақстанның ақша белгілерінің алғашқы үлгілерін көрді.