2022 жылдың 8-9 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Сариев оқулары: Музейдегі мәдениет әлемі» атты республикалық тәжірибелік конференция жұмысына қатысты.
Конференцияның мақсаты: Музей ісінің теориясы мен практикасын, өнертанудың өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан түсіну және талқылау үшін бірыңғай пікірталас алаңының жұмыс істеуі. Бүгінгі күні музей қызметін жетілдіру және оңтайландыру әдістерін іздеу. Мәдени және көркем мұраны өзектендіруді зерттеудің тиімді әдістерін іздеу.
Конференцияға қатысушы Қ.Б. Бейсоваға сертификат, каталог және кәдесый табысталды.