Жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық темекіден бас тарту күні аталып өтіледі. 17 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері №19 орта мектебінің оқушыларына Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының маманы Бисембаева Гүлсім Айтжанқызымен «Темекіні тастаңыз! Бұл сізге қажет емес» атты кездесу ұйымдастырып, осы мәселеге назар аудару мақсатында темекінің адам денсаулығына зияны туралы тәрбиелік мәні зор ағартушылық әңгіме өткізді.