2022 жылғы 18 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында қостанайлық суретші Сергей Лидің "Листопад"көрмесі ашылды

24.11.2022
2022 жылғы 18 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында қостанайлық суретші Сергей Лидің "Листопад"көрмесі ашылды

2022 жылдың 18 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында, бірінші қабатта қостанайлық суретші Сергей Лидің "Қоңыр күз" атты көрмесі ашылды. Қостанайлық көрермендердің назарына 63 авторлық жұмыс ұсынылды, бұл Сергей Лидің цифрлық графикада орындалған пиктографиясы. Сандық (компьютерлік) графика қазіргі қоғамда ең көп таралған өнер түрлерінің бірі болып табылады. Сергей Ли өзінің көрмесін «Қоңыр күз» деп атады, табиғат құбылысы адам өмірімен салыстырмалы параллельді  түрде - күз мезгілі ағаштардың жапырақтары түсетін мезгіл болса, адамдар үшін қорытынды жасайтын уақыт. Табиғат авторды шығармашылыққа, пиктографиялық хабар түрінде берілген философиялық үйлесімді туындылар жасауға ынталандырды. Сергей Лидің пиктографиялары - бұл әдетте адамдарды, заттар мен бейнелерді және басқа да нысандарды бейнелейтін қысқа және схемалық композициялар.Суретшінің шығармашылық ізденістері мен жазған суреттері ақпаратты жеткізудің әмбебап құралы ретінде белгілер тіліне «аударылады». Бұл суретшінің сезімін, оның тәжірибесін, эмоциясын, күйін жеткізетін түпнұсқа хабарламалар және тек шығармалардың атаулары көрерменге жаңа нәрсені үйренуге, болжауға немесе ашуға көмектеседі. Суретшінің көптеген шығармаларынан өткенді еске түсіретін сағынышты, сондай-ақ бүгін мен болашақ туралы ойларды байқауға болады.

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін68   Кеше337   Бір аптаның ішінде1238   Айында2038   Барлығы276936  
2022, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі