«Туған жер - көрікті мекенім» - «Пленэр – 2022» облыстық көркемсурет жобасының қорытындысы бойынша көрме.

25.11.2022
«Туған жер - көрікті мекенім» - «Пленэр – 2022» облыстық көркемсурет жобасының қорытындысы бойынша көрме.

2022 жылдың 25 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында «Пленэр - 2022» облыстық көркемсурет жобасының қорытындысына арналған «Туған жер - көрікті мекенім» көрмесі ашылды. 18-22 шілде аралығында қостанайлық суретшілердің қатысуымен кезекті музейлік жоба - 2022 жылдың пленэрі өтті. Пленэр ұлттық журналистиканың негізін қалаушы Мұхамеджан Сералиннің туған жері Қарабалық ауданында өтті, оның 150 жылдық мерейтойын Қазақстанның қалың жұртшылығы кеңінен атап өтті.

Мұхамеджан Сералиннің туған жері - Қарабалық ауданының Өрнек ауылы. Суретшілер тұңғыш қазақ журналисінің туған жерінде және жерленген орнында болып қайтты. Өрнек төңірегінің ерекше табиғатынан шабыт алған суретшілер туған өлке тарихына деген терең сезіммен керемет туындылар жазды. Түрлі техникада жасалған нобайлар Қарабалық жерінің қайталанбас сұлулығын көрсетеді: бұл ерекше иілімі бар тынық Тоғызақ өзені, кең көкжиекті дала кеңістігі, қайың, көктерек және қарағайлы ормандар, шілдедегі қойбүлдірген алаңы мен бұлтты биік  көк аспан.

Жоба Өрнек ауылдық округінің әкімі Қалдаманов Оразхан Мұхтарбекұлының және ауылдық әкімдіктің маманы Прудникова Юлия Сергеевнаның көмек көрсетуімен жүзеге асты. Сондай-ақ көрмеге облыстың әр жерінде өздігімен этюдпен жұмыс істеген суретшілердің пленэр жұмыстары қойылған.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін17   Кеше352   Бір аптаның ішінде897   Айында17   Барлығы309175  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі