Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін53   Кеше75   Бір аптаның ішінде53   Айында1897   Барлығы234631  
Жаңалықтар
2021 жылы 12 наурызда «Қостанай облысының табиғат байлығы» залында «Жыл құсы» көрмесі жұмысын бастады. Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы Қазақстанның құстарды қорғау одағымен бірлесіп түрлердің проблемаларына назар аудару үшін жыл сайын «Жыл құсы» ақпараттық науқанын өткізеді. Орнитологтар кандидаттарды ұсынады, ал ҚБСҚ…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде 2021 жылдың 5 наурызынан бастап көктемнің ең әдемі мерекесі - Халықаралық әйелдер күні қарсаңыңда «Мұның бәрі көктем!» атты көрме өз жұмысын бастады. Экспозицияда келушілер назарына қостанайлық суретшілердің түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған жұмыстары…
Биылғы жылы қазақтың тұңғыш педагогы, көрнекті ағартушы, тарихшы, фольклоршы, жаңа мектептерді ұйымдастырушы - Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толады. Кез-келген ұлттың тарихында оның жадында ерекше орын алатын қайраткерлер болады. Тарих Ыбырай Алтынсаринді осындай тұлғалардың қатарына жатқызады. Ол 1841 жылы 20…
Қарапайым қолөнер туындыларын жасауға арналған ең көп таралған материал - түрлі-түсті қағаз. Шынында да, қағазбен жұмыс істеу оңай ғана емес, сонымен қатар көңілді. Қағазбен жұмыс істеу бүлдіршіндердің саусақтары үшін керемет жаттығу. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану…
Музейге 1927 жылы бай мүлкін тәркілеу барысында алынған тұрмыстық заттар мен киімдер этнографиялық жиынтыққа негіз болды. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында алтын жіппен зерленген айыр қалпақ (мұрақ) сақталған. Айыр қалпақты музейге БК(б)П Қостанай губкомы тапсырды. Қостанай округі Қарабалық ауданының №…
2021 ж. 2 наурызында Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы мен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдарды жинақтау мен зерттеуді ұйымдастырудың кешенді тәсілі» онлайн семинарын өткізді. Семинар саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, бүгінгі күнге дейін ақталмаған азаматтардың аты-жөндерін…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 наурыз Алғыс күні пандемия уақытында айрықша табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен жандармен кездесу өтті. Қостанай қалалық №3 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Байболова Айкүміс Еркебайқызы мен Қостанай қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің…
Соғысқа дейінгі кезеңде бірінші болып Қостанай қаласының аумағына Қиыр Шығыстан жер аударылған кәріс ұлтының адамдары болды. Жер аударылған кәрістер үшін «жапон тыңшысы» деген айып жалпыға айналды, олар бірінші кезекте қуғын-сүргінге ұшырады, ал Қостанайдағы аз ұлттар арасында олар ең қатаң жазалау…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, өлең сөздің дүлдүлі, жыршы, жырау, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты жылжымалы фотоқұжаттық  көрме дайындалды. Көрмеге ҚР архивтерінен ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында анықталған, музей…
2021 жылдың 25 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының құрылуының 90 жылдығына арналған «Қостанай облысының биоалуантүрлілігі» атты онлайн дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар: Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының директоры Қойлыбаев Дулат Ғауезханұлы; құландарды қайтара жерсіндіру орталығының жетекшісі,…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі