Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық және мәдени білім беру жұмыстары бөлімінің экскурсия жетекшісі Мұханбетқали Т.З. «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында көрнекті этнограф және географ, саяхатшы, фольклорист және ағартушы-демократ Шоқан Уәлихановтың өмірі мен 2025 жылға жоспарланған Ш. Уәлихановтың 190 жылдығана арналған ауқымды іс-шаралар жайлы әңгімеледі. Алау телеарнасының көрермендері назарына музей қорындағы Ш. Уәлихановқа арналған «Шоқан Уәлиханов – қазақтың жарық жұлдызы» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрмесінің фотосуреттері мен Ш. Уәлихановқа қатысты архив құжаттары көрсетілді.