Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әсемдік әлемі» музейдің қор жиынтығындағы Орал суретшілерінің туындыларынан көрме ашылды.
Орал суретшілерінің графикалық жұмыстарының көрмесі – бұл өнер сүйер қауым үшін жай ғана оқиға емес, сонымен қатар Ресей өлкесінің байлығы мен алуан түрлілігін ашатын нағыз мәдени кезең. Орал өзінің қатал пейзаждарымен, бай тарихымен және қайталанбас мәдени атмосферасымен суретшілерді осы жердің рухын айқын жеткізетін туындылар жасауға шабыттандырады.
Экспозицияда суретшілер Л.Перевалов, М.Дистергефт және Л.Вейберттің линонақыш пен офорт техникасында орындалған графикалық жұмыстары қойылған.
Суретші Л.Переваловтың бүкіл өмірі мен шығармашылығы Оралмен тығыз байланысты. Ол туған өлкесінің пейзаждарын ерекше сүйіспеншілікпен бейнелеген. Бұл өткір сызықты, тұрпайы сұлбалы линонақыштар. Оларға мөлдір акварельдер мен қарындашпен орындалған керемет суреттер жатады. Техниканың сан алуандығы емес, қылқаламмен, қарындашпен, қашаумен ақ қағазға түсірілген көңіл-күй мен сезімнің сан алуандығы таң қалдырады.
Суретші Михаил Дистергефт пейзаж, тақырыптық сурет, тарихи портрет, монументалды кескіндеме, графика саласында жұмыс істеді. Ол әртүрлі жанрда бірдей шебер болды. М.Дистергефт сталиндік қуғын-сүргінге арналған графикалық топтаманың авторы.
Лев Вейберт - суретші, КСРО Суретшілер одағының мүшесі. Ол сан алуан техниканың шебері. Офорттың да мінсіз шебері, линонақыш, жарқыраған акватинта, қара барқыттай «қара мәнері» де теңдессіз дүние. Оның парақтарында суреттің айқындығы және композицияда серпімді ырғақ басым. Ол қара түстерді шебер қолдана білген және қара түс өмір қуанышындай құлпырып, жарқырайды.
Мұндай көрмелер көрермендерді баурап алады, өйткені графика өнері бірегей және алуан түрлі.