2025 жылдың 20 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің өлке табиғаты мен экологиясын ғылыми-зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында академиялық лицей оқушыларына экология туралы әңгіме өткізіп, бұл ғылымның табиғатты қорғау, энергияны үнемдеу сияқты қолданбалы пәндерден айырмашылығын түсіндірді.

