Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Театр және кино өнерінің майталманы Әнуар Боранбаев

12.02.2025
Театр және кино өнерінің майталманы Әнуар Боранбаев
2025 жылдың 12 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Дина Молдашова «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында театр және кино өнерінің майталманы, Қазақстанның халық әртісі, жерлесіміз Әнуар Боранбаевтың өмір жолы жайлы әңгімеледі. Ә.Боранбаев кино және сахнадағы 30 жылдық жұмысы аралығында алпыстан астам рөлдерді сомдаған. Кино және сахнада сомдаған рөлдерінің ішінде «Дала дастанындағы» – Ілияс, «Гауһартастағы» – Тастан қойшы, «Ақ кемедегі» – Момын шал, «Қарагөздегі» - Сырым. Қалың көрерменге музей қорынан алынған Қ.Әлімнің Ә. Боранбаев жайлы «Актер тағдыры» атты кітабы және фотолары көрсетілді.