2025 жылғы 13 ақпанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Фарфор ассортиі» атты көрменің ашылуы өтті. Көрмеге екі коллекционердің Қостанай ауданы Владимировка кентінің тұрғыны Яков Александрович Никушиннің және жас коллекционер, Қостанай қаласының тұрғыны Давид Нурмухамбетовтің заттары ұсынылды.
Көрмеге фарфор жинаудың түрлі бағытындағы фарфор бұйымдарының 112 бірлігі ұсынылды. Олар: ертегі және әдеби кейіпкерлер, миниатюралар, би көріністері, жануарлар бейнелері, құмыралар, декорация және басқа да интерьерлік заттар.
Яков Александрович Никушин 25 жылдан бері коллекция жинаумен айналысады, Беларусь республикалық коллекционерлер қоғамдық бірлестігі басқармасының мүшесі. Оның фарфор коллекциясы шамамен 400 дананы құрайды.
Коллекционер Давид Нурмухамбетов алты жасында фарфор бұйымдарына ерекше қызығушылық танытқан. Ол 2023 жылы Қазақстан коллекционерлері қауымдастығына мүше болып қабылданды. Қазіргі уақытта оның коллекциясында 700-ден астам бұйым, соның ішінде КСРО және Еуропа елдерінің мүсіншелері де бар.
Көрме бір ай бойы жұмыс жасайды.