2025 жылдың 13 ақпанында Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы ұлы ғалым, саяхатшы, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз: ғалымның өмірі, саяхаттары және ғылыми еңбектері» атты облыстық семинар өткізді.
Семинарға онлайн түрде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Оташева Н.Қ. қатысты. Ол экспозиция мен фотоқұжаттық көрме аясында Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметі жайлы музей қорындағы архив құжаттары мен фотосуреттері негізінде әңгімеледі.


