Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанай суретшісі Георгий Соковты еске алуға арналған «Оның дауысының жаңғырығы. Бастау.» атты дербес көрме

29.01.2025
Қостанай суретшісі Георгий Соковты еске алуға арналған «Оның дауысының жаңғырығы. Бастау.» атты дербес  көрме
2025 жылдың 29 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозиция залында қостанайлық суретші Георгий Соковты еске алуға арналған «Оның дауысының жаңғырығы. Бастау.» атты дербес көрме ашылды. Экспозицияда автордың 52 кескіндемелік және графикалық жұмыстары ұсынылды. Георгий Михайлович Соков 2024 жылы 25 шілдеде дүниеден өтті. Биыл 29 қаңтарда суретші Георгий Соков 84 жасқа толар еді. Бұл көрме авторды және оның шығармашылығын еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған Георгий Михайлович Соковтың өнер туындылары оның шығармашылық қызметінің бастапқы кезеңінде 1960-шы жылдан бастап 1975-ші жылдар аралығында салған суреттер. Көрермен тағы да Георгий Соковтың бейнелі де шексіз шығармашылық кеңістігінің көрнекі және таңғажайып әлемін тамашалай алады. Георгий Михайловичтің ұсынылған жұмыстарында оның авторлық сурет салу мәнері, ішкі бай және мағыналы түйсігінен шыққан өзіндік қиял ойыны айқын көрінеді. Георгий Соковты еске алуға арналған «Оның дауысының жаңғырығы. Бастау.» атты дербес көрме бір ай бойы жұмыс істейді.