Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында өлкенің табиғатты және экологияны ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері №19 жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушыларына Наурызым қорығы туралы көшпелі көрме бойынша экскурсия жүргізді. Іс-шара Халықаралық қорықтар мен ұлттық саябақтар күніне арналды.