2025 жылдың 10 қаңтарынан бастап «Өлкенің ежелгі тарихы» залында «Бірегей археология» сериясынан бір жәдігер көрмесі жұмыс істейді. Келушілердің назарына бұрын «Севказгеология» бірлестігінің музейінде сақталған, тастан жасалған мүсін ұштық ұсынылған. Ұштық Қамысты ауданының Бестау ауылдық округінің құмды төбелерінің бірінен табылған.