2025 жылдың 15 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Молдашова Дина «Алау» телеарнасының «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында қазақ халқының үй-тұрмысында күнделікті пайдаланған ыдыстар жайлы әңгімеледі. Көрермендерге музей қорынан алынған ұлттық ыдыс-аяқтың түрлері көрсетілді.