Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін239   Кеше265   Бір аптаның ішінде504   Айында6519   Барлығы308782  
Жаңалықтар
1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998…
27 маусым 2014 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері С.С. Бәкіров атындағы демалыс лагерінде демалып жатқан Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін "Шексіз мұражай"атты акция өткізді. Балалардың назарына «Қазақ халқының зергерлік әшекейлері», «Мәңгі жадымызда», «Тобыл жағалауындағы қала», «Бестамақ артефакттері», «Наурызым…
2014 жылдың 26 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы нашақорлық және есірткі саудасына қарсы Халықаралық күрес күніне арнап Қостанай қаласындағы орталық демалыс паркінде және мұражай холлында «Есірткіге жол жоқ» ақпараттық-насихат акциясын өткізді. Акция бағдарламасына Қазақстан Республикасындағы есірткі бизнесімен күрес күніне арналған…
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізі. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. 1992 жылдың 4 маусымы Қазақстан Республикасының рәміздері күні болып тәуелсіз еліміздің тарихында қалды. 2007 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазіргі заманғы қазақстандық суретшілердің - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Академиясының бакалаврлары мен магистранттарының шығармашылығын таныстыратын Қазақстандағы жастардың алғашқы жылжымалы «Арт Сапар» көрмесі ашылды. Көрмеге Қазақстанның әр өңірінен шыққан 13 автордың 100-ден астам кескіндеме, мүсін, графика, дәстүрлі…
1977 жылдан бері 18 мамырда бүкіл әлемде мұражай қызметкерлері Халықаралық мұражайлар күні – кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күні мұражайлар барлық келушілерге жаңа экспозицияларын және мәдени-ағарту жобаларын көрсетіп, ашық есік күнін өткізеді. 1997 жылдан бері мереке аясында арнайы мәдени «Мұражай…
В эту единственную в году мировую музейную ночь мы приглашаем всех бодрствующих и любознательных. У Вас будет редкая возможность не только увидеть экспонаты неизвестных широкой публике ведомственных музеев Костаная, но и получить визуальный шок в «Кунсткамере диковинок природы». Вы сможете…
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық жасөспірім-балалар кітапханасының «Балалар кітабының апталығына» табиғат секторының қызметкерлері қатысты. Апталықтың бірінші күні «Кітаптар тоғайы» деп аталып, хайуанаттар әлеміне арналады. Мұражай қызметкері А.В. Андрющенко балалармен кездесуге алабажақ кесіртке туралы айта отырып, жабайы жануарларды ұй жағдайында күтіп баптау…
2014 жылы 19 наурызда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Наурыз мерекесіне арнап «Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» атты іс-шара өткізілді. Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күнінде мұражай қызметкерлері іс-шараға қатысушыларға ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын көрсетіп, сақтау әдістері туралы түсінік берді. Қазақ халқы…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері 2014 жылдың 18 наурызында қазақ сахна өнеріндегі алғашқы толқын өкілдері Е.Өмірзақов және Қапан Бадыровтың шығармашылық өмірлеріне арналған сазды-поэзиялық кеш өткізді. Е.Өмірзақов пен Қ.Бадыров - қазақ өнерінің небір тума таланттарын дүниеге әкелген қасиетті Қостанай топырағында өмірге…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі