Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Пленэр-2019» көрмесінің ашылуы

20.12.2019
«Пленэр-2019» көрмесінің ашылуы

2019 жылдың 20 желтоқсанда «Пленэр-2019» көрмесінің ашылуы болды.

«Пленэр - 2019» көрмесіне музей жобасы кезінде ғана емес басқа уақыттарда даәртүрлі техникада орындалған жұмыстар, яғни пейзаждар мен этюдтік композициялар қойылған.

Көрермендер авторлардың жоба аясында болған облыс аудандарының ландшафтымен танысып, қала көріністерін, туған қала маңайын, демалыс сәтінде шығармашылық жұмыстар орындалған жерлерді де тамашалай алады.

Пленэрлер-бұл табиғатта, оның әр уақыттағы күні бойғы өзгерістерін жан жақты бақылап жұмыс істеу және сол күйді кенеп пен қағаз бетінде бейнелеу мүмкіндігі. Пленэр -бұл қылқаламды қолдану шеберлігі, бейнелеуге аз ғана уақыт берілетін алғашқы әсерге дереу көңіл бөлу және ерекше зейін. Суретшілер шеберханаларына өздерімен бірге этюдтер мен болашақ туындыларына суреттемелер дайындап әкеледі және пленэр күндерінен ұмытылмас әсер алады.

Галерея изображений