Жаңа жыл мерекесі қарсаңында желтоқсанның 18-24 аралығында кешкі сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының жаяу жүргіншілер аймағында, жаңа жылдық шырша маңында сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің «Жаңа жылдық ғажайып» атты бұйымдар жәрмеңкесі өтті. Керемет безендірілген ашық көрме-жәрмеңкеден қала қонақтары мен тұрғындарына кәдесыйлар мен жаңа жылдық сыйлықтар сатып ала алды. Жәрмеңкеге қатысқан қостанайлық шеберлердің қолынан шыққан бұйымдардың әрбірінен алақан жылулығы, сиқырлы қуат пен жағымды энергия сезіледі. Қостанайлықтар дарынды, авторлық жұмыстарды тамашалап қана қоймай, сонымен қатар өздерін, достары мен туыстарын ерекше жаңа жылдық сыйлықтармен қуанта алды.