Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінде 2020 жылы 27 қаңтарда шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі, кинорежиссер Валерий Захарьевпен кездесуі өтті. Бұл автордың «Көре білу өнері» тақырыбындағы екінші кездесуі. Картина галереясы залында қазіргі орыс әдебиеті қазынасының бірі болып табылатын танымал ақын Александр Кушнердің өлеңдері оқылды. Оның шығармалары Эрмитаждың бірнеше залдарында ұсынылған еуропа кескіндемесі ұлы шеберлері Я. Вермейер, Х.Рембрандт, Д.Веласкес, Ван Гогтың және т.б. жаңа туындылары бойынша оқылды.
Кездесу дәріс-концерт түрінде өткізілді. Артист монологынан поэзия мен кескіндеменің үндестігі байқалады.