Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Мектеп музейлерінің виртуалды экскурсияларының облыстық байқауы туралы ереже

05.02.2020

Байқаудың мақсаты: білім беру мекемелеріндегі қоғамдық музейлердің өлкенің тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі қызметін насихаттау; музей жәдігерлерін IT-технологиясы арқылы ұсыну.

Байқаудың міндеті: Қостанай қаласы және Қостанай облысының білім беру мекемелерінің қоғамдық музейлерінің қор жиынтықтарымен танысу; байқау қатысушылары жұмыстарының қорын құру.

Ұйымдастырушылар:

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы;

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Қатысушылар:

Барлық бейіндегі мектеп музейлерінің жетекшілері, білім беру ұйымдарының оқушылары.

Байқауды өткізу тәртібі:

  1. Байқауға жеке немесе білім беру мекемесінің музей жетекшісі мен музей белсенділерінен (5 адамнан артық емес), педагогтар немесе оқушылардан құрылған команда құрамында қатысуға болады. Командада жетекші міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
  2. Қатысушылар Байқаудың ұйымдастыру комитетінің қарауына өзінің білім беру мекемесіндегі музейдің экспозициясы бойынша виртуалды экскурсияны ұсынады. Экскурсияның ұзақтығы 10 минуттан 20 минутқа дейін, экскурсия барысында толық мәлімет берілетін жәдігерлер саны - 5 жәдігерден кем емес және 15 жәдігерден артық емес.
  3. Байқауға өтінімді және виртуалды экскурсиямен дискіні (флеш-карта) автор (жетекші) Алтынсарин 115 мекенжайы бойынша Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырады немесе электронды нұсқасын музейдің э/п жібереді: obl_muzey@mail. ru

4.Байқауға ұсынылған материалдармен бірге төмендегі мәліметтер көрсетілген түсіндірме жазба болуы тиіс: 

- музейдің атауы, музейдің құрылған уақыты, білім беру мекемесінің толық атауы, мекенжайы, телефоны;

- білім беру мекемесі директорының және музей жетекшісінің аты-жөні;

- музейдің сипаттамасы (бөлімдердің, экспозициялық кешендердің тақырыптары);

- музей қорының қысқаша сипаттамасы (жәдігерлер саны, соның ішінде түпнұсқа саны);

- музейді оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану (экскурсиялық, мәдени-білім беру жұмыстары).

  1. Байқауға қатысуға өтінімдер мен қатысушылар дайындаған виртуалды экскурсиялар Ұйымдастыру комитетінің қарауына қабылданады. Музей саласындағы IT-технологиялар дамуының ерекше маңыздылығына байланысты байқауды өткізу мерзімі 2020 жылдың 17 қаңтарынан 2020 жылдың 2 наурызына дейін ұзартылды. Байқау қорытындысы 2020 жылдың 11 наурызына дейін шығады.
  2. Білім беру мекемелеріндегі қоғамдық музейлердің үздік виртуалды экскурсиялары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына орналастырылады. Байқау лауреаттары Дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға Сертификаттар беріледі. Дипломдар мен Сертификаттар электрондық пошта арқылы жіберіледі.

Байқау материалдарын бағалау өлшемдері

Виртуалды экскурсиялардың ақпараттық-анықтамалық материалдары толық болуы тиіс. Баяндау логикасы мен мазмұндылығы, шығармашылық тәсілдеме мен идеяның сонылығы ескеріледі. Экскурсия құру үшін пайдаланылған құралдардың күрделілік деңгейі (визуалды және музыкалық құралдар және т.б.) есепке алынады.