Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Дәуір тұлғасы» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай іс-шаралар декадасы

29.11.2019
«Дәуір тұлғасы» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай іс-шаралар декадасы

22 қарашадан бастап Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған дәстүрлі іс-шаралар он күндігін өткізіп келеді. Қызметкерлер № 6,7, 23 орта мектептердің оқушылары үшін музей сабақтарын ұйымдастырды, «ҚР ІІМ Қостанай облысының полиция департаменті» ММ және ҚР ІІМ Қостанай облыстық арнайы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне «Заман тұлғасы» дәрісін оқыды. Тыңдаушылар назарына ауылдық отбасынан шыққан қарапайым жігіттің дүниежүзілік деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткеріне дейін көтерілгені туралы бейнебаян мен фотоматериалдар, сондай-ақ елдің тағдырын анықтайтын оқиғалар шежіресі ұсынылды.

Сондай-ақ түрлі тарихи кезеңдер мен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының жасампаз бейнесі мен оның көшбасшысының, көрнекті саясаткер және тұлғаның шығармашылық бейнесін бейнелейтін фотосуреттер мен құжаттық материалдар қойылған «Елін сүйген Елбасы» атты музейдің экспозициялық залы бойынша бірқатар экскурсиялар жүргізілді.