Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Президент болғым келеді» ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай іскерлік ойын

03.12.2019
«Президент болғым келеді» ҚР Тұңғыш Президенті күніне  орай іскерлік ойын

3 желтоқсанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Президент болғым келеді» іскерлік ойыны өтті. Іс-шараға қаламыздағы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Экономика және құқық институтының тарих мамандығы бойынша 1-2 курс студенттері қатысты. Іскерлік ойынның І кезеңінде жастар өз тобынан кандидатты сайлады. Кандидаттарды таныстыратын презентациялар, облыс, аудан, қаланы дамыту бойынша бағдарламалары алдын-ала дайындалды. Келесі кезеңдерде байқауға қатысушылар саяси терминдік бағытта, мемлекетіміздің негізгі заңы – Конституция бойынша, сонымен қатар қаншалықты шетел тілдерін меңгергендерін білімдерімен дәлелдеді. Қатысушылар шешендік өнерлерін «Балалар қылмысы: шығу жолы қандай?» тақырыбындағы пікірталаста көрсетті. І курс студенті Мұсабаев Рахат Ауданбайұлы іс-шара жеңімпазы атанды. Бүгін ойынға қатысқан жастардың арман-қиялдарының болашақта орындалмасына кім кепіл.