Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Тәуелсіз Қазақстанға саяхат» Тәуелсіздік күніне интерактивті жоба

13.12.2019
«Тәуелсіз Қазақстанға саяхат»  Тәуелсіздік күніне интерактивті жоба

Жас ұрпақтың ұлтымыздың тарихын, дәстүрлерін сақтауға, туған жерге деген құрметін арттыру мақсатында Қостанай облыстық музейінде «Тәуелсіз Қазақстанға саяхат» атты интерактивті жоба өтті. Қаламыздағы №2 орта мектептің оқушылары ойын түрінде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы тарихына шолу жасады. Балалар өз білімдерін тарих, әдебиет, музыка бойынша көрсетті, сондай-ақ сипаттама бойынша тарихи тұлғаларды атады. «Халқымыздың рухани мұрасы» тақырыбындағы шығармашылық тапсырмада ұлттық ою-өрнектерді қолдана отырып «кілем өрнектерін» құрастырды.