Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Түнгі музей құпиялары» этнографиялық интерактивті жобасы

12.12.2019
«Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Түнгі музей құпиялары»  этнографиялық  интерактивті жобасы

2019 жылдың 11 желтоқсанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақтың салт-дәстүрлері: өткені мен бүгіні» топтамасынан «Түнгі музей құпиялары» атты жоба өтті. Келушілер мен қонақтарға май шамның жарығымен музей залдарында экскурсия өткізілді. Музей залдарында театрландырылған Төле би мен Шақшақ Жәнібекке қатысты шағын тарихи қойылым, қазақ халқының аңшылық дәстүріндегі «қанжығаға байлау», жастардың «бастаңғы» сауығы көрсетіліп, боқырау жәрмеңкесінен көрініс көрсетілді. Ұлттық қобыз аспабында Ықылас Дүкенұлының күйі тартылды. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов монологтары, Ұлы Отан соғысы жылдары залында майдангер хаты, солдат монологы оқылып, көрініс көрсетілді, сонымен қатар Қостанайға тың игеруге келген жастар өмірінен, Данабике өзені мен Сарымойын көлі жайындағы аңыздан қойылымдар көрсетілді.

Түнгі экскурсия «Триумф» сән театры, «Эстель» би ансамблінің концертімен аяқталды.

Кештің өткізілуіне І.Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театрының артистері, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншілері, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері белсене қатысты.