Біздің сайттың құрметті қонақтары!

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін14   Кеше352   Бір аптаның ішінде894   Айында14   Барлығы309172  
Жаңалықтар
Жыл сайын жаздың алғашқы күнінде үлкен мереке - Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтіледі. Алғаш рет балаларды қорғау күні 1950 жылы атап өтілді, қазіргі күні бұл мерекені әлемде 30-дан астам ел тойлайды. Осы күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қонақтарға мазмұнды,…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Халықаралық мұражай күнін Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығатын «Мұражай түні» акциясымен атап өтті. 8 жыл бойы мұражай жаңа әріптестер мен достар тауып, келушілерге беймезгіл уақытта өз есігін ашты. Биыл ИКОМ Консультативтік комитетінің шешімімен Халықаралық…
2016 жылдың 15 мамырында картина галереясында ҚР суретшілер Одағының мүшесі Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығын алу үшін жас суретшілер байқауының қорытындысы өтті. Байқау Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған. Атаулы сыйлық Қостанай облысының бейнелеу өнерін дамыту, жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін…
Террористік актілерді болдырмау жөніндегіхалыққа арналған жаднама Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар. Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар. Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте…
7 мамыр күні Қазақстанда тамаша мереке - Отан қорғаушылар күні атап өтіледі. Көктемнің дәл осы күнінде, 1992 жылы 7 мамырда біздің бас қолбасшымыз, Ұлт Көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн…
2016 жылдың 28 сәуір күні Табиғат секторының қызметкерлері ерте гүлдейтін өсімдіктерді бақылау үшін «Каменное озеро» табиғи ескерткіші маңында көшпелі экскурсия – практикум өткізді. Экскурсияға А.Байтурсынов атындағы ҚМУ-нің биология факультетінің 1-ші курс студенттері қатысты. Бәйшешек өсетін жерлері және түрлер құрамы тексерілді,…
29 сәуірде сағат 15.00-де Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қор жиынтығынан Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған «Соғыстың қас қағым сәті» атты көркемсурет көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Көрмеге бейнелеу өнерінің танымал шеберлерінің 18 кескіндеме және графика туындылары қойылды: А.И.Плотновтың «Бәрі де майдан…
1 мамыр күні Қазақстан ең қайырымды және жарқын мерекелердің бірі - Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл мереке - 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүріп жатқан елдегі бейбіт өмір үшін аса қажет достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық…
2016 жылдың 26 сәуір күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Наурызым мемлекеттік табиғи қорығының 85-жылдығына орай биология ғылымдарының кандидаты, НМТҚ қызметкері, жануарлардың қоныс аударатын түрлерін қорғау бойынша Бонн конвенциясының сарапшысы, Солтүстік Еуразияның сұңқар тектестер бойынша халықаралық жұмысшы тобы төрағасының орынбасары, Мензбир…
2016 жылдың 22 сәуірінде картина галереясында белгілі қостанайлық суретші-мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Баян Баталовамен шығармашылық кездесу өтті. Кездесу кескіндеме, мүсін, графика және батикте орындалған автордың 75 шығармашылық туындылары ұсынылған «Туған жер – алтын бесік» атты мерейтойлық дербес көрмесінің экспозиция…
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі