Ұлы Абайдың 175-жылдығына арналған көрме
2020 жылы 10 тамызда жаңа жалпыұлттық мереке Абай күнін қазақстандықтар алғашқы рет атап өтуде.
Қазақ даласының данышпан ұлы, ұлы ағартушы-ақын, ойшыл, композитор және қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың есімі бүкіл әлемге аян. Абайдың мұрасы – баға жетпейтін қазына. Оның өлеңдері мен әндері, дана сөздері мен ойлары біздің жүрегімізде өзінің адамгершілігімен, тереңдігімен және туған жер мен адамдарға деген шексіз сүйіспеншілігімен орын алады.
Ұлы Абай күніне орай әлеуметтік желі оқырмандарына белгілі қостанайлық суретші-қолөнерші Арлан Аңқауовтың туындыларынан онлайн көрме ұсынылды.
Автор «Ата дәстүрі - асыл мұра» көрмесі үшін ұлы Абайдың бейнесін сомдауға ерекше жауапкершілікпен қарады. Бұл сурет үш модульден тұрады, орталық орынды – Абайдың бейнесі, ал екі жағында – киіз үйдің ішкі безендірілуінің дәл және терең символикалық бейнесі алады. Алдыңғы тұстағы домбыра мен қобыз Абай Құнанбевтың ұлттық музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі. «Абай» триптихін дәстүрлі қазақ аңшылығы, ат бәйгесі, күнделікті және бір мезгілде мифологиялық ауыл тұрмысының көріністері лайықты толықтырады.
https://www.facebook.com/100014426732442/posts/873195746504642?sfns=mo
https://www.instagram.com/tv/CDsrpfNgBaX/?igshid=hwu0dwtj1jg5