Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қазақ халқының Бас ақыны, ғұлама-ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай – дара тұлға, дана тұлға» жылжымалы фотоқұжаттық көрме дайындады. Музей қызметкерлерінің Ұлы ойшылдың ғибратты ғұмыры мен рухани шығармашылығына қатысты құнды материалдарды жинақтауына Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы атсалысты.
Абай әлемінен сыр шертетін жылжымалы көрме жыл басынан бері ақын мұрасын кең насихаттау үшін Қостанай қаласындағы оқу орындарына, кітапханаларға, құқық қорғау органдарына қойылды.
Ұлы Абай күніне орай «Абай – дара тұлға, дана тұлға» атты көрменің онлайн үлгісі әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынылды.
https://www.facebook.com/100014426732442/posts/873125473178336?sfns=mo
https://www.instagram.com/tv/CDsaTL4guWg/?igshid=141ckk4f03iov