Қоғамнан оқшауланып әрі музейлерге келуге мүмкіндіктері жоқ жазасын өтеушілердің мәдени-білімін көтеру мақсатында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері УК-161/1 мекемесінде Қостанай қаласының басты көшелеріндегі сәулеттік ескерткіш ғимараттары бойынша виртуалды экскурсия ұйымдастырды. Осындай іс-шаралар темір тордың ар жағында отырғандың тарихи-мәдени құндылықтарға қызығушылығын оятады және кіші отанын сүюге, мәдени мұраға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Экскурсия соңында жазасын өтеушілер өлкеміздің тарихымен және мәдениетімен жақын танысқандарына алғыс білдіріп, әдемі әрі бай Қостанай жеріне деген сезімдерін де білдірді.