Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Абай – дара тұлға, дана тұлға» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрмесін ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Солтүстік» аймақтық басқармасы» ММ ұсынды. Мекеме қызметкерлері мен арнайы құрам сарбаздары көрмені тамашалап, қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар алды.