Тарихи-өлкетану музейінің бай қор жиынтығы - халқымыздың сан ғасырлық тарихының көрінісі. Музейдің залдарын аралап, құтты бір көне кітап беттерінен біздің ортақ тарихымыздың қасіретті сәттері мен жарқын беттерін парақтағандай боласыз.
Музейдің құрылғанына 105 жыл толуына орай қызметкерлер «Музей тарихының беттерінен» атты фильм дайындады. Онда музейдің негізі қаланған кезден бастап күні бүгінге дейінгі түрлі кезеңдердегі тарихы бейнеленген.
https://www.facebook.com/100014426732442/posts/866539200503630?sfns=mo
https://www.instagram.com/tv/CDVi8omgykC/?igshid=1tyfrvl2xecc0
https://vk.com/wall397862586_1007