Біздің сайттың құрметті қонақтары!

director

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің сайтына қош келдіңіз. Біздің сайтқа көңіл бөлгеніңіз бізді қуантады, сайт беттерінен біздің музей туралы, Қостанай облысының табиғат байлықтары, тарихы мен мәдениеті туралы көп білуге болады.

«Музей туралы» жазылған бетті оқи отырып, музейдің қалай құрылғандығы туралы, оның жиынтықтары мен экспозициясы туралы мағлұмат аласыз.

Қостанай облысында зілдердің тұстастары өмір сүреді! Олар нелер? Ежелгі қорғандарда қандай құпиялар бар? Тобыл ойшылы қайдан шыққан? Қостанай мен Чикагоның ұқсастығы неде? Неге біздің облысты «құстар жұмағы» деп атайды? Осы және басқа да сауалдарға жауап алғыңыз келе ме? Онда біздің сайтқа кіріңіз немесе музейге келіңіз. Қостанай облысының табиғат ескерткіштері, археология және сәулет, киелі орындар туралы және басқа да тақырыптарда «Аймақ туралы» деп аталатын беттен білесіздер.

Жаңа көрмелер, қызықты кездесулер, инновациялық интерактивті жобалар туралы Сіз «Жаңалықтардан» біле аласыз.

Құрметті достар, сіздер біздің сайтта болғаннан кейін, бізге қайта оралып келетіндеріңіз анық. Біздің ісіміз Сіздердің көңілдеріңізден шықса, өте қуаныштымыз.

Құрметпен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Әкімбаева Үміт Бламбекқызы

kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін48   Кеше65   Бір аптаның ішінде48   Айында2497   Барлығы235231  
Жаңалықтар
15 ақпанда Ауғанстандағы интернационалист-жауынгерлерді еске алу күнінде ауған соғысының ардагерлері мен қайтыс болған жауынгерлердің аналары Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды. Экспозицияның көрме залында музей қызметкерлері қонақтарды кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауғанстанның ащы естелігі»…
Талай боздақтардың өмірін киған ауған соғысы Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына биыл - 30 жыл. 2019 жылдың 13 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ұйымдастырған «Ауғанстан - жан жарасы» атты музей іс-шарасына ҚР ҰҚҚ ШҚ №2039 «А» ә/б әскери қызметкерлері,…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылы 13 ақпанда Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай музейдің қор жиынтығынан «Ауғанстанның ащы естелігі» атты көрменің ашылуы өтті. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылы 13 ақпанда Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл…
2019 жылдын 8 ақпанында музейдің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында қостанайлық суретші Юрий Матюшконы еске алуға арналған «Өнер - өмір айнасы» атты көрме ашылды. Көрмеде суретшінің кескіндеме және графика жанрындағы 62 туындысы ұсынылған. 2019 жылы Қостанай облысының бейнелеу өнері тарихында…
2019 жылдың 17 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ленинград қоршауының алынғанына 75 жыл толуына арналған "Қостанайлықтар – Ленинград қорғаушылары" атты фотоқұжаттық шағын көрме ашылды. Көрмеге музей қорынан алынған 1941 - 1944 жж. Ленинград майданында шайқасқан қостанайлықтардың фотосуреттері, хаттары, құжаттары қойылды.…
2019 жылдың 18 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде биология ғылымдарының докторы, профессор, Қостанай педагогикалық институтының ботаника кафедрасының меңгерушісі, Қостанай облысының флорасын зерттеу бойынша көптеген жұмыстардың авторы, биология факультеті гербарийінің негізін 90 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды. Көрмеде музей қорынан П.Г. Пугачевтің…
XXI ғасырда қағаз хаттар қажеттілігі азайып, ашық хаттар, құттықтаулар ғаламтор мүмкіндігін пайдаланып электронды түрде жіберіліп жатады. Әр мереке сайын достарымыз бен туыстарымызды құттықтап, ашық құттықтау хаттарын почта байланысы арқылы жіберу заман талабына еріп алшақтап барады. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ретро…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері Наталья Халифаеваның «Табиғат – әсемдік әлемі» атты дербес көрмесі ашылды. Өзінің 50 жасқа толу мерейтойына орай ұйымдастырылған көрмеге автодың 100-ге жуық…
Қалыптасқан дәстүр бойынша, осы аязды күндерде, қысқы мерекелер - Жаңа жыл мен Рождество қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясында «Қысқы көріністер» көрмесі ашылды. Көрмеде өз жұмыстарында қыс тақырыбын қозғайтын суретшілердің туындылары ұсынылған. Қалыптасқан дәстүр бойынша, осы аязды күндерде, қысқы мерекелер…
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімі залында суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай Меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері Наталья Халифаева батик техникасы бойынша А. И. Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің оқушыларына шеберлік сағатын көрсетті. Облыстық және республикалық көптеген көрмелердің қатысушысы,…
2021, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі