"Ойдың түрлі түсті палитрасы" балалар кітаптарының суретші-иллюстраторы Нина Олексюктің шеберлік сабағы

14.02.2023
"Ойдың түрлі түсті палитрасы" балалар кітаптарының суретші-иллюстраторы Нина Олексюктің шеберлік сабағы

2023 жылдың 14 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында балалар кітаптарының суретші-иллюстраторы Нина Олексюктің "Ойдың түрлі түсті палитрасы" атты шеберлік сабағы өтті. Суретші №5 мектеп-гимназиясының 3"д" сыныбына акварель техникасы бойынша сабақ өткізді.

Көрме залындағы  шығармашылық жанға жайлы ахуалда оқушылар суретші Н. Олексюкпен бірге аса қызығушылықпен өз композицияларын шабыттана жасады.

Жоба қатысушыларына Георгий Соковтың «Өмір белестері» көрмесі бойынша экскурсия жүргізілді.

 

Жоба «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ «Құрылыс» филиалы – кітапханасымен бірлесіп жүзеге асты.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін26   Кеше171   Бір аптаның ішінде725   Айында5351   Барлығы295474  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі