«Өмір белестері» Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың дербес көрмесі

10.02.2023
«Өмір белестері» Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың дербес көрмесі

2023 жылдың 10 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің экспозициялық залында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковтың «Өмір белестері» атты дербес көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге танымал суретшінің өткенге шолу жасаған көркем туындылары қойылды. Оның шығармашылығы облыс аумағында ғана емес, одан тыс жерлерге де танымал. Георгий Михайлович Соков – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қостанай облысының құрметті азаматы. Әр жылдары орындалған туындылар көрерменге суретшінің шығармашылық жүріп өткен жолын көруге мүмкіндік береді. 90-нан астам туындылары көрермен назарына ұсынылып отыр, оның кейбіреулері алғаш рет қойылды.

Көрменің ауқымды атауы да ұсынылған жанрлардың әр алуандығын көрсетеді: портрет, тақырыптық суреттер, қала пейзаждары, натюрморт.

Бейнелеу өнері шеберінің көрмесінің ашылуына Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов, қоғам қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы Римма Шыңғысқызы Бектұрғанова, профессор, философия ғылымдарының кандидаты Юрий Яковлевич Бондаренко, сондай-ақ оның достары, әріптестері және шығармашылығына тәнті жанкүйерлері қатысты.

 

Көрме Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері бөлімінің бірінші және екінші қабаттағы көрме залдарында бір ай бойы жұмыс істейді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін37   Кеше171   Бір аптаның ішінде736   Айында5362   Барлығы295485  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі