«Археологиялық қиялдар» Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Георгий Михайлович Соковтың дербес көрмесі

03.02.2023
«Археологиялық қиялдар» Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Георгий Михайлович Соковтың дербес көрмесі

2023 жылдың 3 ақпанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Георгий Михайлович Соковтың «Археологиялық қиялдар» атты дербес көрмесі ашылды.

 

Көрмеде 28 графикалық жұмыс ұсынылған. Өзінің гипнозды жұмыстарында, фэнтези жанрында (ағылш. phantasy – фантазия, қиял) суретші кеңістік пен уақыттағы ауысуды, өзге планета әлемін, жасанды организмдер сарынын, ежелгі өркениеттер мифологиясын қолданған. Георгий Соков туындыларының тақырыбы әр түрлі – мифтер, інжіл хикаялары, саяхат әсерлері мен биік поэзия. Сурет салудың ерекше тәсілінде автордың ширақ темпераменті, қоршаған әлемді пайымдаудағы символизм мен ауыспалы мән аңғарылады. Қиял-ғажайып жануарлар әлемі, табиғаттың жанданған келбеті, әйелдердің өткір бейнелері, өз жерін қорғаған жаужүрек көшпенділер – осының барлығы Георгий Соков шығармашылығында ұсынылған. Ол өзінің картиналарында бай тарихымызды және адам жанының үйлесімді күйін баса көрсетеді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін33   Кеше171   Бір аптаның ішінде732   Айында5358   Барлығы295481  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі