«Алау» телеарнасының ӨТЖ жаңалықтарында Алматы қаласының архивтерінен алынған архив құжаттары туралы

12.01.2023
«Алау» телеарнасының ӨТЖ жаңалықтарында Алматы қаласының архивтерінен алынған архив құжаттары туралы

2023 жылы 12 қаңтарда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Әзірханова Д.Т. «Алау» телеарнасының ӨТЖ жаңалықтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінен, ҚР Орталық мемлекеттік архивінен, ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінен алынған құжаттар және фотоматериалдармен таныстырды.

 

Қостанай қаласының негізі қалануының тарихы, Торғай облысының халық училищелері, Қазақ КСР ОАК жанындағы байлардың мүліктерін тәркілеу және байларды көшіру жөніндегі Орталық комиссияның қызметіне қатысты, Иверская қауымының монастырьға айналуына байланысты келіп түскен құжаттардың мазмұны туралы әңгімеледі. М.Сералин, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Б.Байқадамов, Ж.Демеев, К.Дөненбаева туралы фотоқұжаттар көрсетілді.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін216   Кеше259   Бір аптаның ішінде1355   Айында475   Барлығы309633  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі