Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Су айдауыш мұнара

Өнеркәсіп сәулетінің ескерткіші, республикамыздың Солтүстік өңірлеріндегі  революция алдындағы құрылыс техникаларының деңгейін көрсетеді.   

Құрылыс жоспарларына сәйкес 1913 жылы қалалық электр станциясының күш беретін қондырғысы арқылы қызмет көрсететін су айдауыш мұнара салынды. Құрылысты салуға 1913 жылы «Троицк – Қостанай» темір жолын пайдалануға  енгізу  себеп  болды. Салынып  бітпеген  жолмен бірінші поезд Қостанайға 1913 жылдың қазан айында келді, ал 1914 жылдың соңына қарай темір жол қалыпты жұмыс істей бастады. 

 

 

Ескерткіш сипаттамасы

 

Ескерткіш мерзімі:   1913 жыл.

Орналасқан жері: Қостанай қаласы, Темір жол вокзалының аумағында. 

 

Су  айдауыш  мұнара  Вокзал  жанындағы  алаңда  орналасқан. Жоспар бойынша  кесек тастан қаланған іргетасқа күйдірілген кірпіштен және құмтастан тұрғызылған сегіз қырлы (2 қабатты) құрылыс. Үшінші қабаты цилиндр тәрізді. Төменгі бөлігі - негізі құмтастан қаланған. 

Кіріп-шығатын есігі солтүстік-батыс жақта орналасқан. Есік ойығы тікбұрышты, жұқа тақтайдан жасалған есіктің жоғарғы жағында құмтас пен күйдірілген кірпіштен  жасалған доға ернеуімен терезе ойығы орналасқан. Өзге қырындағы жақтаулары күйдірілген кірпіш пен құмтастан жасалған маңдайша кенерелі терезе ойықтары да арка тәрізді аяқталған. Олардың үстінде, екінші қабат деңгейіндегі қырларындағы тікбұрышты терезе ойықтары үштөрттік шеңбермен аяқталған, терезе ойықтарының арасында үшкіл маңдайша түріндегі сәнді эленменттер орналасқан. 

Үшінші қабат кереге көз ағаштарға мырышталған қаңылтыр жабын жабылған күмбезбен аяқталады, бірінші қабаттағыдай терезе ойықтары бар. Мұнараның беткі қасбеті көп қиындылы ернеумен  аяқталады. Ғимараттың ішінде жоғары көтерілетін бұрамалы баспалдақ бар.